Қазақстан авиамаршруттарды бірнеше бағытта кеңейтуге ниетті. Бұл туралы LS-ке көлік министрлігінде хабарлады .
Министрліктің мәліметінше, саланы дамыту шеңберінде Шанхай (Қытай), Рим (Италия), Марокко, Вена (Австрия) және Мюнхен (Германия) сияқты бағыттарға рейстерді іске қосу жоспарлануда.
Өткен жылы Мумбайға (Үндістан), Куала-Лумпурға (Малайзия), Прагаға (Чехия) және т.б. әуе жолдары ашылды.
Сондай-ақ, Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталады.
Бұған дейін, LS редакциясы Қазақстанда биыл қандай тікелей әуе рейстері ашылатыны туралы жазған болатын.