#

Қазақстаннан жаңа авиарейстер ашылады

  • Новости
  • 31.12.2024 04:19

Азаматтық авиация комитеті LS-ке 2025 жылы қандай жаңа рейстер ашу жоспарланғанын айтты.

Ведомствоның мәліметінше, орта мерзімді перспективада 2025 жылы Будапештке (Венгрия), Ригаға (Латвия), Венаға (Австрия), Мюнхенге (Германия) рейстер ашылады деп күтілуде.

Азаматтық авиация комитеті қазіргі уақытта Қазақстаннан 31 елге 115 бағыт бойынша тұрақты халықаралық рейстер орындалатынын атап өтті. Жиілігі аптасына 571 рейсті құрайды. Ең көп рейстер Түркия, Ресей, БАӘ, Грузия, Египет, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан, Үндістан және Германияға орындалады.

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстерді көбейту үшін "ашық аспан" режимі 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды. Ол 15 әуежайда: Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Ақтау, Семей, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Петропавл, Көкшетау, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында қолданылады. Режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және шетелдік авиакомпанияларға ауа еркіндігінің бесінші дәрежесін беруді көздейді. Азаматтық авиация комитетінің ақпаратына сәйкес, бұл жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға ықпал етпек.