#

Қазақстаннан ТМД елдеріне экспорт күрт өсті

  • Новости
  • 24.09.2023 16:06


ТМД елдерінің тауар айналымы 20,6 млрд долларға жетті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ТМД Экономикалық кеңесінің отырысы барысында белгілі болды.

Мәселен, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ТМД елдерінің тауар айналымы 20,6 млрд долларды құраған. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (19,8 млрд доллар) 4,4%-ға көп.

Қазақстаннан ТМД елдеріне экспорт 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 19,4%-ға өсіп, 9,2 млрд долларға жетті.

Тәуелсіз Елдер Достастығы елдері арасындағы интеграциялық байланыстарды тереңдету және көпқырлы ынтымақтастықты қолдау үшін тиімді алаң ретінде әрекет етуді жалғастырып жатқаны аталып өтті.