#

Үкімет: Алдағы бірнеше айда көкөніс қымбаттамайды

  • Экономика
  • 03.05.2024 07:04

Алдағы 2-3 айда көкөніс қымбаттамайды.

Жалпы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы үш апта қатарынан төмендеп келеді.

Әсіресе, қарақұмық жармасы, пияз, күнбағыс майы, ұн және басқа да өнімдер арзандаған.

Көкөністер Қазақстан нарығына "жасыл дәліз" арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімдірек бағамен жеткізілмек.

Ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін Премьер-Министр келісім-шарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сурет: ашық дереккөздерден