Әртіске қатысты сот нақты қашан өтетіні белгісіз .
"Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ", — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.
Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр. Нұртас Адамбайға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 1-бөлігінің 4-тармағын бұзды деген айып тағылып отыр.
Аталған құқық бұзушылықтар үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК мөлшерінде (184 600 теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК мөлшерінде (738 400 теңге) айыппұл қарастырылған, сонымен бірге қызметін тоқтатуы керек.
Сурет: ашық дереккөздерден