Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында “Күй күмбірі” республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық оқушы Құрманғазының “Балбырауын”, “Адай”, “Сарыарқа” және т. б. күйлерін орындады.
Семей қаласында Т.Аманов атындағы №16 мектептің 2-8 сыныптан құралған 60-қа жуық оқушы «Айжан қыз», «Ерке сылқым» күйлерін домбырада орындада орындаса, Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназияның 1-9 сынып оқушылары “Салкүрең” күйін ойнады.
Еліміз бойынша челленджге қатысқан ең кішкентай балақайлар Семей қаласындағы Бақыт шағын орталығының тәрбиеленушілері болды.
Домбырашылар челленджі бұл — 2023 жылдан бері Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Наурыз қарсаңындағы ауқымды республикалық акция.
Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі