Танымал эстрадалық жұлдыздар Ерке Есмахан мен Раим Бақтыгереев не себепті үлкен той жасамайтындарын айтты. |
Бұл туралы Ерке Есмахан өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Ерке Есмаханның айтуынша олар мұндай шешімге ортақ шешіммен келген.
«Ортақ шешіммен той жасамаймыз деп шештік. Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасағанға немесе жасамағанға қарамайды екен.
Алла бұйыртса жанұямыздағы басқа тойларды жасауға дайынбыз», — деа жазды ол.
Сонымен бірге ол Раимның отбасы оны қалай атайтынына тоқталып өтті.
«Атам Еркежан дейді, мамам қызым дейді. Қайныларым тәтай апа дейді. Ұлым мама дейді, күйеуім қандай еркелету сөз бар осы өмірде, соның бәрін айтады, шексіздік...», — деп жазды ол.