#

Абай облысы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындалуда

  • Экономика
  • 19.07.2024 11:57

Дүниежүзілік көшпенділер ойынына облыстан 200-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Ойындарға дайындық аясында облыста қазақ күресі, жекпе-жек, дәстүрлі садақ ату және тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Абай облысының амбассадоры ретінде ауыр салмақтағы халықаралық дәрежедегі спорт шебері , қазақ күресінен Қазақстан чемпионы Айбек Нұғымаров, қазақ күресі бойынша екі дүркін әлем чемпионы, Qazaqstan Barysy және Dala Qyrandary турнирлерінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов және мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Карт таңдалды.

Сурет: ашық дереккөздерден