#

Мүмкіндігі шектеулі қазақстандықтар грек-рим күресінен әлем чемпионатында 3 жүлде алды

  • Вектор
  • 08.09.2023 18:07

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды.

Ал еліміздің жастар құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды иеленді, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Ересектер арасында:

1 орын – Асан Нұржан (82 кг);

3 орын – Орманов Абылайхан (63 кг);

3 орын – Шонку Хайратхаан (130 кг).

Жастар арасында:

1 орын – Самарин Андрей (67 кг);

1 орын – Әбдрәсіл Рамазан (97 кг);

2 орын – Бабашов Сұлтан (63 кг);

2 орын – Прогудин Денис (72 кг);

3 орын – Мырзаев Азамат (77 кг);

3 орын – Тілеумбет Мухаметали (82 кг)

Естеріңізге сала кетейік, чемпионаттың алғашқы күндерінде кадеттер арасында жарыс өтті, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен командалық есепте 1-ші орынды иеленген болатын.

Жоғары нәтижеге қол жеткізген палуандарды ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев құттықтады.

«Палуандарымызды осынау керемет нәтижемен құттықтаймын. Еліміз сіздерді мақтан тұтады. Бұл нәтиже үлкен жеңістердің бастамасы ғана екеніне және еліміздің әнұраны басқа да ірі турнирлерде, соның ішінде Сурдлимпиада кезінде шырқалатынына сенімдімін. Шеберлік шыңдаудан және жаңа белестерді бағындырудан талмаңыздар»,- деді Ермек Маржықпаев.

Есту зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты 2-6 қыркүйек аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті. Турнирге 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты. 7-11 қыркүйек аралығында спортшылар еркін күрес бойынша жүлдеге таласады.