#

Алматылық оқушылар роботехникадан Хьюстон мен Лондонға жолдама жеңіп алды

  • Политика
  • 29.02.2024 17:18

Алматы қаласының оқушылары робототехника бойынша ең ірі жарыстардың бірі "Central Asia FIRST Tech Championship" чемпионатына қатысты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада өткен додаға Қазақстанның әр өңірінен үш мыңнан астам оқушы, әлемнің түрлі елдерінен 200-ден астам команда қатысты. Алматы қаласының намысын қорғаған оқушылар бірнеше жүлделі орындарға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша №124 мектептің "Team 124" командасы "Winning Alliance 2nd pick" және "THINK AWARD 2st place" номинациясын және Лондонда өтетін халықаралық "UK first championship 2024" жарысына қатысуға жолдама, ал №206 мектеп-гимназиясының оқушысы Оңғарбек Томирис АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін "2024 FIRST Championship, Houston" жарысына қатысуға сертификат жеңіп алды;

Сондай-ақ "Qazaq Style" командасы (№62, №119, №124, №200, №81, №202 мектеп оқушылары) «THINK AWARD 1st place» және «Best Pit Award» номинацияларының;

№81 мектеп-гимназиясының "Redstone" құрама командасы "CONNECT AWARD 3rd place" номинациясының;

Білім-инновация лицейі мен М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушыларыннан құралған "Sana team" командасы "MOTIVATE AWARD WINNER" және "Best Mascot finalist", "Best Uniform Award finalist" номинацияларының;

№178 лицейінің оқушыларыннан құралған "ZOK Junoirs" командасы "INNOVATE AWARD 3rd place" номинациясының;

First Lego League бағыты бойынша М.Мақатаев атындағы №140 гимназиясының "ULY DALA" құрама командасы беделді "BREAKTHROUGH AWARD" номинациясының жеңімпаздары атанды.

Тағы бір жағымды жаңалық. Алматы мектептерінің түлектері еліміздің беделді жоғары оқу орындарының грант иегерлері атанды:

- Сәтбаев университеті – БИЛ лицейінің оқушысы Спандияр Тұяқбай және №39 мамандандырылған лицейінің оқушысы Маликов Мейіржан,

- АУЭС – М.Базарбаев атындағы №138 гимназия оқушысы Амангелді Шолпан, №81 мектеп-гимназия оқушысы Әлрахат Үмітхан, №140 М.Мақатаев атындағы гимназия оқушысы Нұрила Бердалы мен Мөлдір Бекенқызы, №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Олжас Санатұлы.

Сонымен қатар Еуропалық оқу орындарына түсуге 100% жеңілдікпен қолдау көрсету гранты №200 мектеп-гимназиясының оқушысы Мира Демеуғалиева мен №178 мамандандырылған лицейінің оқушысы Алуа Төлендіге берілді.