#

Қырғызстан президенті Камчы Кольбаевқа қатысты мәлімдеме жасады

  • Политика
  • 16.10.2023 16:09

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Әскери прокуратураға Камчы Кольбаевтың өліміне қатысты тергеу жүргізуді тапсырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Садыр Жапаров "Кабарға" берген сұхбатында болған жайтты интернеттен біліп, бірден Бас прокурор Курманкул Зулушевке телефон соққанын атап өтті.

"Мен оған әскери прокурорды ертіп, оқиға орынға барып, мән-жайды айтып мәлімет беруін айттым. Ол барып, маған телефон соғып, оқиға орнында атыс болғанын, қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін айтты", — деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, Әскери прокуратура МҰҚК арнайы операциясының заңды түрде жүргізілгенін анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр.

"Тергеу жүріп жатыр. Нәтижесін күтеміз", — деп қосты Садыр Жапаров..