#

«Марқұмның денесін ұрлап кеткен»: Талғарда ауруханаға баса көктеп кіріп, дәрігерлерді дүре соққан екі ер адам елді шулатты

  • Навигатор
  • 20.09.2023 16:04

Алматы облысы Талғардағы ауруханалардың бірінде шулы оқиға орын алды.

Әкесінің қайтыс болғанын естіген екі ер адам медицина қызметкерлерін ұрып-соғып, олардың бірі ауыр күйде ауруханаға түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай хабарлады.

«Мына оқиғаны естіп, не деп жазарымды білмей отырмын. Алматы облысы, Талғар ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген 2 ұлы реанимацияға баса-көктеп кіріп, қарсы тұрған медицина қызметкерлерін ұрып тастайды.Марқұмның денесін ұрлап, каталкаға салып алып кеткен.


Медбрат жеңіл жарақат алды, қасындағы анестезиолог-реаниматологтың жағдайы ауыр. Бас миы жарылып, шайқалып, көп жарақат пен ауыр соққы алған реаниматологтың өзі қазір реанимацияда. Полиция бұзақылардың ұсталғанын хабарлады», — деп жазды ол.