#

«Бұл діндарлар қазақтың салтына, киіміне қарсы, тілді бүлдіріп бітті, ең аяғы бейіт тұрғызуға қарсы»: Мағауин елдегі сақалдылар туралы бар шындықты айтты

  • В стране
  • 08.01.2024 16:08

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері жақында «Халық үні» басылымына сұхбат беріп, қоғамдағы өзекті мәселелер жайлы талқылаған еді.

Классик жазушы қазақ қоғамында өзекті болып тұрған дін тақырыбы жайлы да қозғады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қайраткердің пікірінше, бүгінде дін қазаққа жау болып тұрған көрінеді.

«Бұл жөнінде мен бұрын шет жағалап қана жазғанмын. Дін деген апиын, апиын – аз ғана қолданса ем, көп қолданса ол ауру, мен солай деп ұғамын. Қазақ XX ғасырдың басында, қазақтың зиялылары, оқығандары, қайраткерлері неге қарсы күресті? Отарлыққа қарсы әрекет жасады, дінге қарсы күресті. Дін деген қараңғылық. Әсіре діншілдік, дін емес, ғылым, білім жеткізеді мәдениетке. Мешіт емес – мектеп...

Бізге арабтың не керегі бар? Оның бәрі біздің табиғатымызға жат нәрсе. Қайраткерлер қанша хат жазды, салафизм мен вахабизмге қарсы. Жалпы, қазақ діннен арылу керек, кәдімгі зиялылыққа жету керек, зайырлы мелекеттік санаға жету керек. Әсіресе, балаларды бұзып бара жатыр. Енді ойламаған жерде дін қазаққа қайшы болып шықты. Бұл діндарлар қазақтың салтын, дәстүрін сақтаңдар демейді. Салтына, киіміне қарсы, пәрәнжадан басқасының бәрі бар. Сосын қазақтың тілін бүлдіріп бітті. Ең аяғы бейіт тұрғызуға қарсы, келін сәлем бермеу керек. Қазаққа қарсы, қайшы, соның бәрі қазақты құртатын нәрсе. Сондықтан, ол жай ғана тыйым емес, заң жүзінде шара қолдану керек», — деді ол.