#

Тоқаев Қазақстан халқы санының 20 млн-ға жетуімен құттықтады

  • В стране
  • 16.11.2023 16:07

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады.

Президент құттықтау сөзін әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Президент Twitter-де.

Еске сала кетейік, Finprom.kz мәліметтері бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.