Әли Оқапов пен оған берілген "Құрмет" ордені маңайындағы шу басылар емес. |
Күні кеше көпшілік оны сынға алып, қоғамда Рымбаеваның арқасында марапат алды деп даттағандар көп еді. Мәселенің ушыққанынан хабардар болған әнші, ақыры барлық марапатынан бас тартты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы Оқаповтың өзі жеке парақшасында мәлім етті. Ол:
«Соңғы мәселе осынша шу шығарады деп ойламадым. Бірақ түк болмағандай отыра алмайды екенмін. Осыған байланысты барлық осыған дейін алған, музыка саласындағы барлық марапаттардан бас тартамын. Себебі, менің балама қазір балалар бөлмесі керек, ал ана медальдар баланың басына түсе ме деп қорқамын. Мұны баяғыдан қолға алайын деп жүр едім, сәті енді түсті. Мемлекеттік наградаларға келер болсақ, онда бәрі қатал, себебі онда мемлекеттік рәміздер бар. Сол себепті заңды зерттедім. Мен награданы қайтару туралы нормаларды іздедім, бірақ түк таппадым. Ол туралы ештеңе жоқ, себебі бұлай ешкім жасамаған. Сондықтан бұл наградалар құзыретті органдарды күтеді. Қалай шешеді, солай жасаймын. Тағы да қайталап айтамын, мен ештеңе сұрамадым. Тек сол күні түнде ғана хабарласып айтты, тіпті ертеңінде барған күннің өзінде мені не күтіп тұрғанын білмедім. Артист үшін халықтың қолдауынан артық марапат жоқ деп санаймын. Мүмкін мен оған алйық емес шығармын, бұл қалыпты жағдай... Онда тұрған ештеңе жоқ. Сондықтан қатардағы поп орындаушы ретінде мен кешірім сұрап, бәріне алғыс айтамын», — деді өнер иесі.
Оқаповтың бұл ісіне әсіресе, журналистер қауымы дән риза болған. Осылайша белгілі журналист Гүлбану Әният аталған оқиға жайлы өз парақшасында былай деді:
"Марқұм Тасқын Оқапов пен Роза Рымбаева секілді мықтыдан туған ұл ғой. Қандай тәрбиелі Азамат. Құрмет неге берілді дегенге келсек, мәселе Әлиде емес. Гәптің бәрі бергендерде, жеке пікірім", деп жазды ол.