Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың неге отставкаға кеткенін түсіндірді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Үкіметтің жұмысына жаңа серпін беру қажет деп ойлаймын. Бүкіл қоғамның күтіп отырғаны – осы. Сол себепті мен кеше Әлихан Смайыловтың отставкасын қабылдадым", – деді Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында жаңа кандидатураны таныстырып.
Президент үкіметтің қаржы-экономикалық блогы өзгеретінін атап өтті. Айтуынша, министрлер кабинетіне жаңа тұлғалар тағайындалады.
Премьер-министр кандидатурасына Президент әкімшілігінің басшысы болғанОлжас Бектенов ұсынылды.