#

Доллар бағамы 2,5 теңгеге арзандады

  • Среди нас
  • 04.05.2024 11:34

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы төмендеді.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,44 теңгеге төмендеп, 441,66 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 4 мамырдағы ресми бағамы — 444,14 теңге.

kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 442,19 теңгеге, сатылымы 443,48 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 440,13 теңгеден сатып алынып, 445,14 теңгеден сатылып жатыр.

Еске салайық, 3 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,74 теңгеге көтеріліп, 444,14 теңге болған.

Сурет: depositphotos.com