#

Костенко атындағы шахтадан 38 адамның денесі табылды

  • Финансы
  • 29.10.2023 16:12

14:00-дегі жағдай бойынша, Костенко атындағы шахтада 38 адамның денесі табылды, 8 кеншіні іздеу жалғасуда.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Іздеу жұмыстарын жүргізу қираған шахта жабдықтарының, сондай-ақ жекелеген жерлерде үйінділердің болуымен қиындай түсуде.

Ақпараттық және психологиялық қолдау көрсету үшін Қарағанды қаласында (ТЖД 8-7212-51-72-23, АрселорМиттал Теміртау 8-7212-49-72-70) және Астанада (8-7172-70-41-08) «жедел желі» телефондары жұмыс істейді.