#

"Қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етемін": Қоғамдық көлікте зейнеткерді жақтаған қыз болашақта кім болғысы келетінін айтты

  • Среди нас
  • 22.09.2023 16:16

Қоғамдық көлікте зейнеткердге араша түскен қызға ҚР ІІМ Алматы академиясына экскурсия ұйымдастырылды.


Жаннұр Нұржан оқу жылының басында Алматыдағы қоғамдық көлікте жасаған игі әрекетінің арқасында танымал болды. Сол кезде қыз бала тосап құмырасы сынып қалған зейнеткерге көмектесті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл әрекет жерлестерімізді, қала тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Қыз баланың бұл әрекеті – жақсы тәрбие мен дұрыс өмірлік ұстанымдар өмір жолында игі істерге жетелейтінін көрсетті. Жаннұр – қалалық қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті. Біз оны ҚР ІІМ Алматы академиясына қонаққа шақырдық. Қыз гидті қызығушылықпен тыңдады, киберзертханаға барды және ведомстволық университет туралы маңызды тарихи деректерді білді", – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Жаннұр болашақта тәртіп сақшысы болғысы келетінін де жасырмаған.

"Маған бұл кездесу өте қатты ұнады. Колледжді бітірген соң ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етемін деп ойлаймын", – деді Жаннұр Нұржан.