Алматы және Алматы облысындағы балалар үйлерінің 350-ден астам тәрбиеленушілері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының жаңа жылдық қайырымдылық акциясына қатысты. Бұл жолы балалар Minecraft ойынының виртуалды әлемімен танысты. |
Шынайы әлемнен Майнкрафт әлеміне саяхат жасай отырып, балалар әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасап, ойын кейіпкерлері – сүйікті Стив, сұлу Марго және батыл Джомен кездесті. Жол-жөнекей зұлым да, қауіпті зомбилер, томаға-тұйық саудагер, мейірімді және арам големдер болды.
Осы интерактивті шоудың кішкентай көрермендері мен қатысушылары ойын кейіпкерлерімен бірге әртүрлі қиындықтар мен қауіптерді жеңді. Әрине, олар жағымды эмоция мен жарқын әсерге бөленді.
Шоуға дайындалған реквизиттер ешкімді бей-жай қалдырмады. Атап айтсақ, ертегі кейіпкерлерінің киімін киген қуыршақтар, ерекше костюмдер, үлкен айдаһар, ойыннан қару-жарақ, ұшатын гаст, сандық және т.б. Тиісті дыбыстық және визуалды дизайн танымал ойынның атмосферасын жеткізді.
Жаңа жылдық мереке сәтті өтті. Әр оқушы керемет көңіл-күйге бөленіп, Қордан тәтті сыйлықтар алды.
Мерекелік қойылымдарға 700-ден астам бала қатысты, ал жаңа жылдық қайырымдылық акциясымен АҚШ-тың (арнайы мектеп-интернат) және Алматы мен Алматы облысының басқа да әлеуметтік мекемелерінің мыңнан астам тәрбиеленушісі қамтылды.