#

Жетісу облысының әкімі жалақысы қанша екенін айтты

  • Бизнес
  • 24.11.2023 16:11

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев жалақысы қанша екенін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz - ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Жетісу облысындағы орташа жалақы — 250 мың теңге. Республикадағы көрсеткіш — 350 мың теңге. Бұл ақпарат кеше жарияланды. Әрине, (жалақым азық-түлік алуға — еск.) жетеді. Премия үнемі берілмейді. Мен қолыма 1,8-1,9 миллион теңге аламын. Себебі мен мемлекеттік қызметтегі қызмет өтілім жоғары. 30 жыл мемлекеттік қызметтемін", — деді облысы әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.